hit counter script

Қауіпсіз Және Тиімді Пайдалану Туралы Нұсқаулар - LG -H870S Quick Start Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 49
Қауіпсіз және тиімді пайдалану
туралы нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті
немесе заңсыз болуы мүмкін.
Құрылғы туралы маңызды ақпарат
• Құрылғы қолданбалары, қызметтері, мысал суреттері және мазмұны
аймаққа, қызмет провайдеріне, бағдарламалық құрал нұсқасына және
құрылғыға байланысты өзгеше болады әрі ескертусіз өзгертіледі.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат.
Бұл құрылғы радиотолқындардың әсеріне қойылатын қолданыстағы қауіпсіздік
талаптарына сай етіп жасалған. Бұл талаптар жасы мен денсаулық жағдайына
қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,
қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға негізделген.
• Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті немесе
МСК деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары стандартты
әдістер бойынша барлық қолданыстағы жиілік ауқымдарындағы ең жоғарғы
рұқсат етілген қуат деңгейінде құрылғыдан сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
• Әр түрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы радиотолқындар әсері
бойынша нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.
• Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК)
ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
• Осы үлгінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында — 0,254 Вт/кг
(10 г), ал денеде тағып жүргенде — 1,300 Вт/кг (10 г).
• Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе
киімнен кем дегенде 5 мм қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша
керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде
денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек және өнімді киімнен
кемінде 5 мм қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын немесе
хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын қажет
етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын немесе хабарларды
тасымалдау осындай байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі мүмкін.
Тасымалдау аяқталмайынша, жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы
нұсқаулықтары орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет
көрсету
• Тек қана LG компаниясы мақұлдаған жинақтағы керек-жарақтарды
пайдаланыңыз. LG компаниясы үшінші тарап керек-жарақтарын
пайдаланудан пайда болған ешқандай зақым немесе ақаулық үшін кепілдік
бермейді.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет болғанда,
құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен ауыстыру
жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын
бөлшекпен бірдей болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан алшақ
жерде ұстаңыз.
6

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents